Жамбыл облысы әкімдігінің Балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебі
Арнайы мектеп 1950 жылдан 1960 жылға дейін жас қылмыскерлердің колониясы болып Қазақ ССР ІІМ-нің құзырлығында болды. 1960 жылы Жамбыл облысының Ерекше жағдайда тәрбиелеуді қажет ететін балалар мен жасөспірімдерге арналған мектебі ретінде КазССР білім министрлігінің құзырлығына берілді.
2005 жылы Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» Заңының шығуына байланысты, мекеменің атауы «Жамбыл облысы әкімдігінің жасөспірімдерге арналған ерекше тәртіпте ұстайтын мектебі» деп өзгертілді. 2011 жылғы 10 тамызындағы № 264 Жамбыл облысы әкімінің Қаулысы бойынша мекеме «Жамбыл облысы әкімдігінің балалар мен жасөспірімдің арнаулы мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Мекеме 35 адамдық орынға жобаланған.
Әкiмшiлiк жазалау шараларына әкелiп соғатын құқық бұзушылықтарды ұдайы жасайтын, оқудан, жұмыстан қасақана жалтарушы, отбасынан және балалардың оқу-тәрбие ұйымдарынан ұдайы кетiп қалатын кәмелетке толмағандар, кәмелетке толмағандар iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның ұсынысы бойынша шығарылған сот шешiмiнiң негiзiнде арнайы бiлiм беру ұйымына 11 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер бiр айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге жiберiледі .
Арнаулы білім беру ұйымының негізгі міндеттері:
1) тәрбиеленушілердің әлеуметтік бейімденуі мен оңалуы;
2) кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың және қоғамға жат қылықтардың алдын алу, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды табу;
3) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
4) кәмелетке толмағандардың заңға бағыну мінез-құлықтарын қалыптастыру;
5) оқу мен тәрбие процесінің үздіксіздігі мен біртұтастығын қамтамасыз ету.
Мекеме ауданы 20742 кв.м. алқапты алады, арнаулы білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ететін үй-жайлар мен ғимараттар: тәрбиеленушілерге арналған белгіленген нормативтер бойынша жарақталған оқу және тұрғын үйлер, тағам блогі, медициналық пункт, спорт қалашығы, оқу-өндірістік шеберханалар бар. Мекемеде барлық жағдай жасалған: оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу мен тазалық сақтау.
Педагогикалық ұжымында 15 мұғалім және 19 тәрбиеші жұмыс істейді. Оқу жоспары бойынша мектепте барлық оқу бөлмелері жұмыс істейді. Олардың барлығы оқу плакаттарымен, кестелермен, үлестірме материалдарымен, оқу және анықтама әдебиеттермен, дидактикалық материалдармен және түрлі көрнекіліктермен қамтылған.
Жеке қабілетін ашу мен дамыту мақсатында мектепте үйірме жұмыстар, спорттық секциялар жүргізіледі. Бүгінгі күні мектепте төменде аталған үйірме жұмыстары жұмыс істейді: «Изостудия», «Ритм» музыкалық студиясы, «Балдаурен» халықтық аспаптар ансамблі.
Жатаханада ұлдар мен қыздарға бөлек тұруға барлық жағдайлар жасалынған. Барлық ойын бөлмелерінде жаңа жиһаздар қойылған.
Оқу корпусында толықтай білім жетілдіруге және мемлекеттік білім стандартына сай жаңа оқу технологияларын орындауға жағдай жасалынған.
